Инстаграмда пайызсыз үй алып беремін деп халықты алдағандар сотталды

327

Шымкентте үй алып беремін деп жұртты алдағандар сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Инстаграмда пайызсыз үй алып беремін деп халықты алдағандар сотталды Фото: Pixabay.com

Олар 2019-2021 жылдар аралығында азаматтарға төмен бағамен баспана ұсынуға уәде беріп, ақша алған. Ал жиналған қаражатты өздерінің қажеті үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді алуға жұмсаған.

"Пайызсыз баспана" тұрғын үй ұйымы 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген.

"Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен "Пайызсыз баспана" тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - дейді Шымкент қаласы прокуратурасының ресми өкілі Жанерке Атыкаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу