Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды

246

ҚР Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейіп отыр. 

Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды Фото: Pixabay.com

Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге қатысты әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттама жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп келеді. 

Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек 35-тен астам жағдай бойынша хаттамалар дайындалып жатыр.

Қазақстан Республикасының "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады.
Осыған байланысты азаматтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Жетісу облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея қызметін ұйымдастырғаны үшін жазаланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу