Instagram мен TikTok-та заңсыз лотерея ұйымдастыратындармен күрес басталды

259

Мұндай құқық бұзушылық үшін 3,7 млн теңгеге дейін айыппұл көзделген. 

Instagram мен TikTok-та заңсыз лотерея ұйымдастыратындармен күрес басталды Фото: report.az

Қолданыстағы заңнама бойынша лотереяларды лотерея операторы мен оның агенттері өткізе алады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok) заңсыз лотереяларға қарсы күрес жұмыстары басталды. Заңнамаға сәйкес, лотереяларды лотерея операторы мен оның агенттері өткізе алады. Заңсыз лотереяны ұйымдастырғаны үшін 400 мың теңгеден 3,7 млн теңге көлемінде (ӘҚБтК-нің 445-1-бабы) әкімшілік жауапкершілік көзделген", - деді вице-министр.

Мирас Төлебаевтың дерегінше, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 16 азамат тартылды.

"Құқық бұзушылық туралы 30 хаттама сотқа жолданды, әлеуметтік желілердегі заңсыз ұтыс ойындары үшін жауапқа тарту туралы тағы 35 дерек бойынша материалдар жиналып жатыр", - деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу