Инстаграмнан басталған жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды

2749

Екі жігіт көз жұмды.

Инстаграмнан басталған жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды Фото: freepik

Ақтөбе қаласында топ арасындағы төбелестен 2 жігіт көз жұмды. Олар алдымен Instagram желісі арқылы бір-бірімен сөзге келіп, кейін кездескен. Сол кезде төбелесіп, екеуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2-қаңтардан 3-қаңтарға қараған түні тіркелді.

Бір топ жігіт кездесіп, төбелескен. Төрт адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Салдарынан 2006 жылы туған екі жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

- Жанжал Instagram әлеуметтік желісіндегі қақтығыстан басталған. Содан кейін олар кездесіп, талқылауға келіскен. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу