Instagram желісіне қазақ әндері қайта орала ма?

233

Бұл мәселе қашан шешілетіні әзір белгісіз. 

Instagram желісіне қазақ әндері қайта орала ма? Фото: hi-tech.mail.ru

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Instagram-нан қазақ әуендерінің жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, бұл мәселе ведомствоның құзырына кірмейді. Онымен авторлық құқықтарды басқару ұйымы айналысып жатыр. Тиісті мекеме Meta компаниясымен бірге 2025 жылға арналған келісімшарттарды қайта қарау бойынша келіссөз жүргізуде.

"Біз Әділет министрлігі ретінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың азаматтық қарым-қатынастарына араласпаймыз. Себебі авторлар оларды өздері таңдады. Алайда Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, осы мәселенің қоғамда  резонанс тудырғанын ескере келе, Meta компаниясына жүгіндік. Олар келісімнің шарттарын жариялай алмайтындарын айтты. Бірақ жақын арада бір келісімге келуіміз мүмкін деп отыр. Бұл екі тарап үшін де тиімді", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу