Инсульттен көз жұмған ақтөбелік 7 адамның өмірін құтқарды

645

Инсульттен көз жұмған ақтөбелік 7 адамның өмірін құтқарды

Ақтөбеде аяқ астынан инсульт алып көз жұмған 45 жастағы әйелдің дене мүшелері 7 адамның өмірін құтқарды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, көз жұмған әйелдің екі бүйрегі ақтөбелік екі науқасқа салынған. Оның бірі 36 жастағы әйел болса, екіншісі, 58 жастағы ер адам.

Екі бүйрегі істен шыққан 36 жастағы науқас 1 жылдан бері, ал ер адам 3 жылдан бері гемодиализ алады. Донордың туыстары келісімін бергеннен кейін хирургтер бірден іске кіріседі. Барлық медициналық сараптама жасалады.

Бас хирургтің айтуынша, ота сәтті өткен. Қазір бүйрегі ауыстырылған 2 науқастың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.

Ал донордың өзге екі мүшесі, жүрегі, бауыры, көз алмасы Астана қаласына жіберілген. Бұл дене мүшелері сол жақтағы науқастарға салынбақ.

Айта кету керек, бұл – жыл басынан бері мәйіт трансплантациясы бойынша жасалып жатқан екінші ота.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу