Қоғамдық көлікте интеллектуалды камераларды іске қосу туралы онлайн-брифинг барысында Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов жүйе жұмысының алғашқы нәтижелерімен бөлісті.
"Тамыз айында 2 бағыт бойынша жүретін 4 автубусқа 8 бақылау-камерасы орнатылған. Олар 120-шы және 63 маршруттар. Мұнда 1773-тен астам құқық бұзушылық анықталды. 1106 адам бетперде тақпаған, ал 766 адам бетпердені дұрыс тақпаған. 3 автобус жүргізушісі ескерту алды. Енді осындай камералардың санын арттыруды шештік", – деді басқарма басшысы.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу