Интеллектуалдық меншік комитетінің төрағасы тағайындалды

217

Шолпан Абдреева ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Интеллектуалдық меншік комитетінің төрағасы тағайындалды Фото: gov.kz

Шолпан Абдреева 1975 жылы Астана қаласында туған. "Әділет" жоғары құқық мектебін, Турина (Италия) университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола қалалық халық сотында бастаған.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Әділет министрлігінде, Еуразиялық патенттік ұйымда жұмыс істеген. 2023 жылы Астана қалалық сотының судьясы болған.

2023 жылдың мамырынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу