Интернат тәрбиеленушілері 5 ай шаштараздыққа машықтанып, сертификат алды

878

Бұдан бөлек, еріктілердің  бастамасымен басқа оқушылар аспаздық шеберлік сабақтарынан өтті.

 Интернат тәрбиеленушілері 5 ай шаштараздыққа машықтанып, сертификат алды

Елімізде барберлар көбейеді!  "Аяла"  қайырымдылық қоры №15 интернат тәрбиеленушілеріне шаш алудың тың әдіс тәсілдерін үйрету үшін, белгілі стилист Светлана Ганчаеваны шақырды. Интернат оқушылары шаштараз өнері бойынша қорытынды конкурстан өтіп, оларға арнайы сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, 5 тәлімгер бес ай бойы арнайы сабақтарынан өтіп, өз  біліктіліктерін шыңдады. Жас барберлердің жұмыстарына "Аяла" қорының өкілдері, кәсіпқой шаштараздар мен интернат өкілдері баға берді. Ал қор басшылары жас мамандардың тек оқуын қадағалап ғана қоймай, болашақта жұмысқа тұруын  жіті назарда ұстап отырамыз дейді.  

Бұдан бөлек, еріктілердің  бастамасымен басқа оқушылар аспаздық шеберлік сабақтарынан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу