Интернат және балалар үйінің оқушылары бейне түсіруді үйренді

1529

Болашақ вайнерлер өз туындыларын кинотеатрдан үлкен экраннан тамашалайтын болады.  

Интернат және балалар үйінің оқушылары бейне түсіруді үйренді

Алматыда интернат және балалар үйінің оқушылары арасында "үздік вайнға" байқау жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай ерекше жобаға "Аяла" қайырымдылық қоры мұрындық болып отыр. Сондай-ақ, Pazl және T-jokers секілді вайн топтары  қолдау білдірген. Байқау 4 кезеңнен тұрады – іріктеу, машықтану, вайн түсіру және ақтық сын. Жарыста топ жарған команда смартфонға ие болады. Айта кетейік, іріктеу кезеңі қазан айында басталып кеткен. Шараға 3 интернат мектеп пен 2 балалар үйінен келген 39 жеткіншек қатысып жатыр. Енді олар режисерлік және актерлік шеберлік, видео түсіру, монтаж жасау бойынша сабақ алады. Ал ақтық сында әр топ  жаңа жыл тақырыбына арналған  1 минуттық вайн түсіріуі керек. Финал желтоқсан айына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу