Елімізде интернеттегі қылмыс саны азаяр емес. Шығын көлемі 900 млн теңгеден асады. Әзірге оның тек 120 млн-ы ғана қайтарылған.
Азаматтардың дені "инвестиция салдым" деп алданған. Оның ішінде әр түрлі жобалар, ойындар мен ставкалар бар. Бір ғана мысал, мамыр айында астанада жедел тергеу тобы, тұрғынның есепшотынан 137 млн теңге ұрлаған 7 адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі.
Тексеру барысында, бұл топтың құрамында Қазақстан мен шетел азаматтарының бары анықталған. Тінту кезінде олардан 8 миллионнан аса ақша, телефондар мен SIM карталар, 20-дан астам төлем картасы, сондай-ақ банк карталарының атаулары мен парольдерінің жазбалары табылған.