Ал қылмыстық істің ашылу көрсеткіші керісінше 17%-ға кеміді, деп жазады inbusiness.kz.
"Былтыр интернет-алаяқтық санатында 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді, биыл оның саны 8%-ға артып, 3645-ке жетті. Ал қылмыстық істің ашылуына қатысты айтар болсақ, өткен жылы 500-ден астам іс ашылса, биыл 400-ге жуығы ғана соңына дейін қаралды, яғни көрсеткіш 17%-ға төмендеді", — деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.
Жалпы осы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу