Интернет алаяқтарға алданғандар 2 млрд теңге шығын көрді

1432

Полиция қызметкерлері таңнан қаракешке дейін интернетте отырады. Себебі, соңғы уақытта ғаламторда алаяқтардың саны күрт артып кеткен. Тіпті, іздерін де жасырып үлгереді.

Интернет алаяқтарға алданғандар 2 млрд теңге шығын көрді

Соңғы төрт айда Нұр-Сұлтан қаласының мыңнан астам азаматы алаяқтардың арбауына түсіп, 2 млрд 864 млн теңге шығын көрген, деп хабарлайды Atameken Business. 

Алайда осы интернеттегі айлакерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болмай келеді. Олар әлемнің кез-келген жерінен виртуалды тіркелгендіктен, заңды мекенжайларын анықтау қиынға соғуда. Бүгінде белгілісі азаматтарды алдап, ақша алып отырғандардың басым көпшілігі Уфа қаласында тіркелген.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері пәтерді алып-сатумен айналысатындардан сақ болуға шақырады. Себебі, алдап соғушылардың ең көп таралған әдісі осы екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу