Интернет алаяқтық жасау дерегі көбейді

530

Елімізде 2022 жылдың басынан бастап 11 763 Интернет-алаяқтық жасау оқиғасы тіркелген. Бұлай деп ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Интернет алаяқтық жасау дерегі көбейді

2021 жылы 21 мың алаяқтық жасау дерегі тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Барлығы 571 қылмыскер мен 17 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған.

"Бұған дейін министрліктің бастамасы бойынша онлайн-қарыз алу кезінде клиенттерді сәйкестендірудің банктік рәсімдері қатаңдатылды. Қазіргі кезде алаяқтар абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді, телефондарға қашықтан қол жеткізу үшін арнайы қосымшаларды пайдаланады. Сондай-ақ олардың арасында шетелден әрекет ететіндер де бар", – деді спикер.

Шұғыла Тұрлыбек ауыстыру нөмірлерін бұғаттау жүйесін отандық байланыс операторлары белсенді түрде біріктіріп жатқанын да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу