Интернет алаяқтықтың жаңа түрі: Полиция халыққа ескерту жасады

188

Алаяқтар жеке кабинетке қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады.

Интернет алаяқтықтың жаңа түрі: Полиция халыққа ескерту жасады Фото: Polisia.kz

Интернет алаяқтар қулықтың жаңа түріне көшкен. Осыған байланысты полиция халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейінгі уақытта алаяқтар өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазып жатыр. Олар адамдарға диспансерлеу, флюорографиядан өтуді ұсынады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды да дербес деректерге қол жеткізеді.

Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар. Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз, – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу