Интернет арқылы адамдарды алдап-арбап жүрген павлодарлық қамауға алынды

177

Қазіргі уақытта күдікті қамаққа алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Интернет арқылы адамдарды алдап-арбап жүрген павлодарлық қамауға алынды Фото: canva.com

Павлодар қаласында интернет-алаяқтықты ұйымдастыру үшін қолданылатын құрал-жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, құқық бұзушылыққа қарсы әрекет ету және фрод-қоңыраулар жасау арқылы жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында, "Қазақтелеком" АҚ, "Кселл" АҚ, Павлодар облысы полиция департаменті және облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел шаралар барысында Павлодар қаласының тұрғыны интернет-алаяқтыққа қатысқаны үшін ұсталды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 5 SIM-box құрылғысы (SIM-карталарды қосу және оларды шетелде қашықтан пайдалануға арналған жабдық), 400-ден астам әртүрлі мобильді операторлардың SIM-карталары, роутерлер және ұялы телефондар табылды, - делінген прокуратура хабарламасында. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес "Абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу