Интернет арқылы алаяқтыққа баратындар саны көбейген

808

Интернет арқылы алаяқтыққа баратындар саны көбейген

500-ден астам астаналық интернет алаяқтардан зардап шекті. Алаяқтардың көбі Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының ІІД жоқ тауар мен өнімді сатумен айналысатын интернет алаяқтардың көбейгенін хабарлады.

ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегеновтің айтуынша алаяқтар жоспарарын түрлі тауарды өте төмен бағамен ұсыну арқылы жүзеге асырады. 

"Сатып алу барысында сатып алушы тауардың ақшасын 100% көлемде QIWI-әмиянға ауадарады. Ақша аударылымы жүзеге асырылған соң сатушы ақшамен қоса жоқ болып кетеді. Әрі әлеуметтік желідегі аккаунтты өшіріп тастайды", - дейді Бөлегенов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша алаяқтар QIWI-әмиянды тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжатты қажет етпейтіндіктен пайдаланады. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын қиындатып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу