Интернет арқылы синтетикалық есірткі сатқандарға үкім шықты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Сот үкіміне сай В.Корнева мен Е.Лещенко ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылды. В.Корнева 8,3 жылға, Е.Лещенко 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орташа қауіпсіздік мекемеде өтеуге жіберілді.Оған қоса, аталған сот үкімімен сотталушы В.Корневаның қылмыстық жолмен тапқан 15 млн теңгеге жуық мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді
Аталған азаматтар 2019 жылғы 25 наурызда ұсталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу