2022 жылғы 26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті "А" есімді елордалық тұрғынды ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Тергеу барысында күдіктінің есірткіні жалдамалы пәтерде орап, онлайн алаң арқылы тұрақты түрде сатқанын анықтаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу