Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды

329

Оның тұрғылықты мекенжайынан діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, 5 қазан күні терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық әрекеттері үшін сотты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу