Интернет қызметі неге нашарлап кетті?

762

Бұл сұраққа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов жауап берді. 

Интернет қызметі неге нашарлап кетті?

Оның сөзінше, интернет қызметінің нашарлауына Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген кибер жаттығу себеп болды. 

"Кибер жаттығудың салдарынан туған ыңғайсыздық үшін ел азаматтарынан кешірім сұраймыз. Еліміздегі кибер жаттығу шетелдік интернет-ресурстардың да қызметіне әсер етті. Кибер жаттығу жалған ақпаратқа тосқауыл қою үшін ұйымдастырылды. Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезінде шындыққа сай келмейтін, елдің ақпараттық заңнамасын бұзатын мәліметтер көбейіп кетті. Оның барлығы әлеуметтік медиа арқылы тарады. Кибер жаттығу кезінде шынайы жағдайды бағалау үшін шартты діни экстремистер әртүрлі ақпарат таратты. Мемлекеттік органдар қарсы шара қолданды", – деді Руслан Әбдіхалықов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу