Интернеттің баяулау себебі белгілі болды

190

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Интернеттің баяулау себебі белгілі болды Фото: canva

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазақтелеком" АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.

"Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу