2019 жылдың қаңтар-қарашасында байланыс кәсіпорны 728,3 млрд теңге табыс тапты, деп хабаралайды LS.
Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, бұл 2018 жылдың қаңтар-қарашасындағы көрсеткіштен 4,7%-ға көп. Бұл ретте жергілікті телефон байланысының қызметі 33,6 млрд теңге, интернет қыметін ұсыну 259,3 млрд теңге, ал ұялы байланыс қызметі 202 млрд теңге болған.
Қызмет көрсетудің жалпы көлеміндегі ең көп үлес кеңжолақты интернет пен мобильді байланысқа тиесілі. Ал басқа телекоммуникациялық қызметтер 18,3%, жергілікті телефон байланысы 4,6%, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желі бойынша бағдарламаларды тарату қызметі 4,5% болды.
Қарашада телефон желісіне тіркелген абоненттер саны 3,2 млн, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,8 млн-ға жуық, интернетке қолжеткізгендер саны 15,1 млн бірлік.