Интернет ресурста бос жатқан жерлер туралы толыққанды ақпарат беріледі

961

Интернет ресурста бос жатқан жерлер туралы толыққанды ақпарат беріледі

Жер учаскілері туралы ақпараттың жоқтығынан кәсіпкерлер уақыты мен қаржысын жоғалтуда. Осы мәселе бойынша Өңірлік кәспікерлер палатасына көп шағым түскен. Бұл туралы kostanaytany.kz хабарлайды.

Жер учаскілері бойынша ешқандай кепілдік берілмейтіні жағдайды қиындатып отыр. ӨКП қызметкерлерінің айтуынша кәсіпкер қажетті  жер учаскесін тапса да, оны жалға алуы екі талай.

Жерге байланысты соңғы шешімді әкімдік қабылдайды. Кәсіпкер қажетті өтінішін жазып, құжаттар топтамасын дайындап болғанда таңдалған учаскенін бос емес екені анықталған жағдайлар көп. Бұл әрекеттер Елбасының қойған талаптарына қайшы. Өйткені Мемлекет басшысы бизнес үшін қағазбастылық пен әкімшілік кедергілерді алып тастауды үнемі айтады", – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Садуақасов.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары арнайы ақпараттық жүйені құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, облыстық прокуратураға, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне өтініш жасаған. Жоспар бойынша интернет ресурста бос жатқан жерлер бойынша толыққанды ақпарат беріледі. Бос жатқан жер интерактивті карта ретінде көрсетілетін болады.  Сайт бөлімдерінде кәсіпкер өзінің берген өтінішінің қаралу деңгейін бақылай алатын болады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу