Интернет-сауда алаңдары декларация тапсырады

Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларын интернет арқылы сатуда.

Интернет-сауда алаңдары декларация тапсырады Фото: inbusiness.kz

Интернет-сауда алаңдары туралы деректер Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданады. Мұны 1 шілдеден бастау жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов елордада өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Пилоттық жоба шеңберінде сауда-интернет алаңдары сату туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне, ал Комитет өз кезегінде барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, деректерді кәсіпкерлерге қызмет көрсететін әріптес-банктерге береді. Алынған деректер негізінде банк ай сайын салық сомасын есептейді және клиентке төлеу үшін пуш-хабарлама жібереді. Ал салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық декларациясын толтырады", – деді спикер.

Бұл, біріншіден, кезең ішінде салық сомасын бөліп төлеуге мүмкіндік береді, екіншіден, салық есептілігін тапсыруды жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларды интернет-алаңдар арқылы сатады. Спикер пилоттық жобаларға қатысу тек ерікті болып табылатынын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу