Интернет желісінде радикалды сипаттағы материалдар жариялаған азамат сотталды

270

Оған 7 жыл 1 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Интернет желісінде радикалды сипаттағы материалдар жариялаған азамат сотталды Фото: kazanfirst.ru

31 қазанда Қарағанды облыстық соты ҚР ҚК 256-б. 2-б. (бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациалар желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша деструктивті діни ағымның радикалды жақтаушысына қатысты қылмыстық істің сот отырысын өткізді.

Іс мәліметтеріне сәйкес айыпталушы әлеуметтік желілерде ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған) заңсыз әрекеттерін ашық түрде қолдап, насихаттаған.

Нәтижесінде 1989 ж.т. "Х" азаматына қатысты 7 жыл 1 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Айта кету керек, сотты бұрын ҚР ҚК 191-б. 1-т. 2-б. (тонау) бойынша шартты түрде жазасын өтеген.

Тергеу іс-шаралары барысында "Х" Қарағанды қаласының сауда орындарында жұмыс істейтін азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқандығы және есірткі заттарды тұрақты негізде қабылдайтындығы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу