Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 95-орында

1066

Бұл көрсеткіш бойынша Армениядан алдамыз, бірақ Ресей мен Беларусьтен қалып қойдық.   

Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 95-орында

Speedtest Global Index дерегі бойынша, 2020 жылдың шілде айында Қазақстанда 17,5 миллион абонент интернетке қосылған. Олардың 15 миллионы – ұялы байланыс қолданушылары. Биыл интернет қосылған абоненттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артқан. Белгіленген интернетті қолданатындардардың саны 2,6 миллионға жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,2%-ға көп. Оның 2,5 миллионы – жылдамдығы жоғары кеңжолақты интернет абоненттері.

Ресми дерек бойынша, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 138 елдің арасынан 95-орынға табан тіреді. Былтыр 90-орында болған еді. Бір айдың ішінде еліміз 2 позицияға көтерілген. Белгіленген кеңжолақты интернет жылдамдығы бойынша 65-орында (174 елдің қатарынан). 

Елімізде белгіленген интернет Қырғызстан мен Армениядағыдан жылдамырақ, Ресей мен Беларусьтегіден баяулау. Ал мобильді интернет жылдамдығы Қырғызстан мен Беларусьтегіден жоғары, Армения мен Ресейдегіден, керісінше, төмен.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу