Интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 57-орында

2487

Ал Еуразия экономикалық одағы елдері арасында бұл жағынан үшінші орында тұр.

Интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 57-орында

2018 жылдың үш тоқсанында Қазақстанда интернет-провайдерлер қызметінің көлемі 180,5 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда, 6,7%-ға жоғары, деп хабарлайды  kaz.altaynews.kz.

Finprom.kz сараптамасы бойынша, республикада көлемінде тиянақталған интернетке жоғары жылдамдықты қосылу абоненттерінің ең көп шоғыры Астанада тіркелген – 675,3 мың. Екінші орында – Алматы, 354,5 мың абонент. Үшінші орында – Алматы облысы, мұнда интернет абоненттерінің саны 173,1 мың.

Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің 57-орнында. Орташа жылдамдық – секундына 28,9 Мегабит. Рейтингтің алғашқы ондығына Сингапур, Исландия, Гонконг, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Швейцария, Испания, Швеция кіреді. Сингапурде интернеттің орташа жылдамдығы – секундына 184 Мегабит.

Қазақстан Еуразия экономикалық одағы елдері арасында бұл жағынан үшінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу