Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрден қандай ұялы байланыс операторын қолданатынын, интернет істемей қалған кез болды ма сұрады.
"Өз басым 2 ұялы операторының қызметін қолданамын, екі сим-картам бар. Бұл тексеріс жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы. Екіншіден, жұмыс орнында және үйде wi-fi бар. Жалпы үлкен мәселеге тап болмаймын", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу