Интернетте ағзасын сататындар жазаланады

1361

Елімізде 3 мың 128 адам ағза трансплантациясы бойынша кезекте тұр.

Интернетте ағзасын сататындар жазаланады

Интернетте ағзасын сататындар заң жүзінде жазаланады! Мұндай талапты дәрігерлер жауапты министрлікке енгізуді сұраған. Себебі бүгінде "бүйрегімді сатамын" деп, жарнама берушілер көбейген. Бағасы келісімді.

Ағза саудагерлерінің бірімен тілдескен Atameken Business тілшісінің сұхбаты:

Айта кетсек, елімізде 3 мың 128 адам ағза трансплантациясы бойынша кезекте тұр. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты. Transplant.kz сайтында көрсетілгендей бүйрек ауыстыруға 2470 азамат өтініш білдірсе, оның 73-і бала. Бауырдың транплантациясына кезекке тұрғандар саны 303 азамат. Өкпесін ауыстыруды күтіп жүргендер  115 адам. Жүрек трансплантациясына кезекке тұрғандар саны 240-қа жетіпті.

Ал биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында 83 ағза ауыстырылған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда өте аз. Мысалы, 2015 жылы 298, 2016 жылы – 316, 2017 жылы – 282, 2018 жылы жүзге жуық ағза алмастыру отасы жасалған. Қарап отырсақ жыл өкен сайын трансплантация операциясы көбеюдің орнына, азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу