Интернетте псевдодокторлар қаптап жүр

943

Ғалымдарға ғылыми еңбектерін ағылшын тілінде жариялау туралы талап қойылып жатыр. 

Интернетте псевдодокторлар қаптап жүр

Интернеттен 46 секундта докторлық немесе кандидаттық диссертация сататын псевдодокторлардың 3300 ұсынысын табуға болады. Осылай деп дабыл қаққан 
сенат депутаты Сәуле Айтбаева білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қариновадан: "Осыны қалай шектейміз?" – деп сұрады.

Вице-министр бұл мәселеден министрлік хабардар екенін тілге тиек етіп, проблемаға мониторинг жасалып жатқанын жеткізді.

"Плагиат және ғылыми қызметкерлердің мойындалуы тұрғысынан бірқатар талап күшейтілді. Ғылыми қызметкерлер арасында бұл мәселені кеңінен талқыладық. Мәліметтерді қарап отырсақ, жыл сайын докторантурға бөлінетін грант саны 2 мыңды құрайды. Одан бөлек өз қаражатымен түсетін адамдардың саны 200-ден асады. Шамамен осының ішінде 200-ге тарта ғылыми еңбек бағаланып, оларды жазған адамдарға ғылыми атақ беріліп жатыр", – деді Шолпан Қаринова.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ғалымдарға ғылыми еңбектерін ағылшын тілінде жариялау туралы талап қойылып жатыр. 

"Әлемдегі ғалымдар да бір мәселені зерттеу кезінде осы еңбектерді оқи алатындай болуы керек", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу