Интернетте жала жауып, ар-ожданды қорлағандарға жаза күшейтілмек

217

Бұл қақтығыстардың күшеюіне, тұлғааралық қатынастардың нашарлауына және қоғамдық тұрақтылықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. 

Интернетте жала жауып, ар-ожданды қорлағандарға жаза күшейтілмек Фото: Риа Новости

Қырғызстанның Министрлер кабинетінде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетте адамға жала жапқаны және ар-намысына тигені үшін жазаны қатаңдату ұсынылады. Тиісті заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір қолданыстағы Қырғызстанның азаматтық заңнамасы ар-намысқа тиіп қорлаған жағдайда жеткілікті әрі тиімді жауап бермейді. Бұқаралық ақпарат құралдарына және интернетке таратылған ар-намысқа тию мен қорлау жалпы қоғамға теріс әсер етеді. Бұл қақтығыстардың күшеюіне, тұлғааралық қатынастардың нашарлауына және қоғамдық тұрақтылықтың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Түзетулер енгізу арқылы айыппұл түріндегі мынадай жауапкершілік көзделеді:

- БАҚ -та, интернет желісіндегі сайтта немесе интернет желісіндегі сайттың бетінде – жеке тұлғаларға -1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом) мөлшерінде, заңды тұлғаларға -2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом) мөлшерінде әдепсіз нысанда көрсетілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлағаны үшін. 

- Жала жапқаны, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратқаны үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет желісіндегі сайтта немесе интернет желісіндегі сайттың бетінде жеке тұлғалар үшін 1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом) мөлшерінде, заңды тұлғаларға айыппұл көзделген – 2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу