Интернетте жала жауып, қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін

206

Қырғызстанда Жогорку Кенеш БАҚ-тағы жала жабу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады. 

Интернетте жала жауып, қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін Фото: canva.com

Заң жобасына дауыс беру қорытындысын депутат Дастан Бекешев өзінің Telegram-арнасында жариялап, бастамаға тек алты депутат қарсы дауыс бергенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет сайттарында қорлап не жала жапқан үшін жеке тұлғаларға 1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом), ал заңды тұлғаларға 2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом) көлемінде айыппұл салу қарастырылып жатыр. 

Құжатқа сәйкес, құқықбұзушылық істерін қарау және жаза тағайындауды БАҚ саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Талқылау барысында депутат Дастан Бекешев айыппұл мөлшерінің тым жоғары екенін атап өтіп, заң жобасына қарсы шықты және әріптестерін құжатқа қарсы дауыс беруге шақырды. Депутат Эльвира Сурбалдиеваның пікірінше, жала жабу мен қорлау үшін салынатын айыппұл мөлшері халықтың кіріс деңгейіне сәйкес келмейді. Ал Жанарбек Акаев құқықбұзушылықтарды бағалауды мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі емес, сот органдары жүргізуі керек екенін айтуда.

Нәтижесінде тіркелген 80 депутаттың 63-і құжатты қолдап дауыс берді, ал 6-уы қарсы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу