Интерпол іздеу жариялаған 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды

721

Бұл туралы The Phuket News басылымы хабарлады.

Интерпол іздеу жариялаған 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды Фото: Phuket Immigration

Таиландтың Пхукет аралында халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы қолға түсті. Ол алаяқтық және ақшаны жылыстату ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, ер адам Пхукет аралындағы Патонг ауданында ұсталған. Оған халықаралық алаяқтық желісіне қатысы болуы мүмкін деген күдік келтіріліп отыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған желі қаржы жымқыру және заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатумен айналысқан.

Сонымен қатар қазақстандық Таиландта болу мерзімін де бұзған. Оның визасының мерзімі 185 күннен астам уақыт бұрын аяқталғаны анықталған.

Қазіргі уақытта ер адамның ұсталуына қатысты өзге де мәліметтер жарияланған жоқ. Оның Қазақстанға экстрадицияланатыны туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу