LRT ақшасын жымқырды делінген Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені әлі анықталмаған

561

Халықаралық іздеу Интерпол арқылы жүргізіледі. 

LRT ақшасын жымқырды делінген Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені әлі анықталмаған Фото: Halyq Uni

Интерпол "Astana LRT-ның" бұрынғы төрағасы Талғат Ардан мен Астана әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековты қайда жүргенін әлі анықтамады.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әсет Шындалиев халықаралық іздеу Интерпол арқылы жүргізілетінін баса айтты. 

"Біз Интерполға тиісті тапсырмаларды береміз, олар бұл мәселемен айналысады. Экстрадициялау үшін бізге Интерполдың бұл адамның қайда екенін нақты анықтағаны қажет. Содан кейін ғана экстрадициялық қамау шараларын қолдануға болады. Қазір Интерпол тарапынан осы адамның қайда екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Біз әзір (ред. – олардың қайда екенін) білмейміз", - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу