Интерполда оқып жүр...

616

Криминалистер қылмысты биометриялық сәйкестік арқылы ашады. 

Интерполда оқып жүр...

Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз отандық криминалистер Интерполдың виртуалды академиясында білім алып жатқанын жариялады.

"Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – қылмысты ашу және тергеу. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы айда Интерполдың виртуалды академиясы базасында биометрия арқылы қылмыс ашу дағдыларын меңгеру үшін отандық криминалистер дәріс тыңдауға кірісті. Қылмыскерлерді ДНК-профильдер және дактилоскопиялық деректер арқылы табу мақсатында адамдарды бейнелерге алмастыру  жұмысы әзірленді. Криминалистер биометриялық деректермен халықаралық алмасу дағдысымен білім алып жатыр", – деді ресми өкіл.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, алдағы уақытта Интерполдың қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа бағыттары бойынша вебинар ұйымдастырылады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу