"Инватакси" қызметін пайдаланушылар саны 200 адамға артты

537

Алматыда "Инватакси" қызметін айына 2 мыңнан астам адам пайдаланады.  

"Инватакси" қызметін пайдаланушылар саны 200 адамға артты Фото: gov.kz

Оның 800-і ерекше қажеттіліктері бар балалар.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл қызметті пайдаланатындар саны 200 адамға өсті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылдың қорытындысы бойынша инватакси қызметтерін ұсыну бойынша пилоттық жоба қолға алынған кезде автомобильдер саны 64-тен 100-ге дейін ұлғайтылды.

Әсем Нүсіпованың айтуынша, мұндай шара арнайы көліктердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

Қала басшысының орынбасары Алматы әкімдігі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне агрегаторлар бөлігінде инватакси қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп, хат жолданғанын айтты.

"Қазіргі уақытта такси агрегаторларының әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жіберілген қызметтерді ұсынуы мүмкін емес, осыған байланысты қолданыстағы әлеуметтік тапсырыстар арқылы қызметтерді ұсынуды қосымша пысықтауға тура келеді", - деп нақтылады Әсем Нүсіпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу