Инвестиция көлемінің өсімі көп болған облыстардың аты аталды

853

Ішкі тауар айналымы соңғы 6 жылда 91%-ға артып, 37,5 трлн теңгені құрады.  

Инвестиция көлемінің өсімі көп болған облыстардың аты аталды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялар 2019 жылы 234,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18,3 млрд теңгеге көп көрсеткіш.

"2018 жылмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемінің ең көп өсімі Павлодар облысында – 27,8 млрд, Қостанай облысында – 5 млрд және Нұр-Сұлтан қаласында – 4,3 млрд теңге болды. Ең аз өсім Алматы облысында – 9,2 млрд,  Шығыс Қазақстан облысында – 4 млрд,  Атырау облысында – 5,5 млрд теңгені құрады", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу