Инвестиция мен экспорт – экономиканы әртараптандырудың басты арнасы

665

Инвестиция мен экспорт – экономиканы әртараптандырудың басты арнасы

Астанада премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен іс-шарада Дүниежүзілік банктің инвестициялық ахуалы жөніндегі кеңсе басшысы Нимак Иван инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық инвестициялық стратегия жобасын таныстырды.

"Экономиканы әртараптандыру үдерісін жеңілдету үшін инвестиция түрлері өзгертілуі тиіс. Олар шикізаттық немесе табиғи ресурстарға ғана шоғырланбай, инвестицияның басқа түрлеріне қарай жылжуы тиіс: сапалы және сандық. Біз экономикалық өсім мен жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін әлдеқайда тиімді инвестиция іздейміз", – дейді Нимак Иван.

Оның айтуынша, инвестиция тарту және ұстап қалу жөніндегі Ұлттық стратегия Қазақстанда ТШИ әртараптандыру және тиімділікті арттыруға бағытталған қосымша құны жоғары инвестиция үлесін арттыру жөніндегі жол картасы саналады.

Дүниежүзілік банк өкілі стратегиялық мақсатқа өзара байланысты үш тәсілді пайдалану арқылы қол жеткізілетінін айтты: инвестицияның жаңа түрін тарту, қазіргі ТШИ-ден түсетін пайданы арттыру, стратегиялық жекешелендіруді жүргізу және МЖӘ пайдалану.

Стратегияның басымдығы ретінде Нимак Иван үш бағытты белгіледі: инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі реформа, халықаралық нарықта инвестицияны ілгерілету және жайғастыру, жекешелендіру және МЖӘ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу