Сербияның мемлекеттік инвестициялар министрі Дарко Глишич 5 тамызда Pink телеарнасының таңғы бағдарламасының тікелей эфирі кезінде өзін нашар сезінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бағдарламада сұхбат беріп отырған министрдің сөйлеуі қиындап, бетінің бір жағы жансызданған. Эфирдегі жүргізушілер "бәрі дұрыс па?" деп сұрағанда, Дарко Глишич бастапқыда оларды сабырға шақырған. Алайда студияға жедел жәрдем шақырылып, бірден ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Глишич ауруханаға түскен сәтте оған бірден Сербия президенті Александр Вучич келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу