Инвестиция тарту саласына жаңа тәсілдемелер енгізілді

665

Инвестиция тарту саласына жаңа тәсілдемелер енгізілді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен "Kazakh Invest" компаниясының Ұлттық инвестициялық стратегиясы жобасын таныстыру кезінде инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек инвестиция тарту және мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру саласындағы жаңа тәсілдемелер туралы баяндады.

Ол соңғы жылдары елімізде инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша кешенді жұмыс жүргізілгенін айтты.

ЭЫДҰ-мен бірге инвестициялық саясатқа екі шолу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша үкімет елдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі толық жоспарды қабылдады.

"Соңғы 5 жылда біз заңнамамызды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес өзгерттік: көші-қон-визалық режімді, рұқсат жүйесін, салық салуды, кедендік бақылауды жеңілдеттік", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Реформалар нәтижесінде бизнес ортаның бәсекеге қабілеттілігі артты. Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингіндегі позициясын 41-ден 35-ке дейін жақсартты. Ақпан айында ЭЫДҰ кеңесі Қазақстанды ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі ретінде шақыру шешімін қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу