Инвестиция тарту жағынан Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облысы көш басында тұр

601

Бұл тізімде Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент пен Алматы қалалары да бар, еп хабарлайды inbusiness.kz.

Инвестиция тарту жағынан Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облысы көш басында тұр

"Инвестиция құрылыс саласында 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде 83%-ға, ақпарат және байланыста 48%-ға, ауыл шаруашылығында 46%-ға, саудада 40%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар 16%-ға және көлікте 8,3%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда", – деді бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Осы жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3 млрд АҚШ долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 27 млрд АҚШ долларға жеткен. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 25%-ға 8,9 млрд АҚШ долларына дейін өскен. Ал тауарлар импорты 18,3 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу