Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды

861

Кеңес құрамына үкімет мүшелері, АХҚО, ұлттық басқарушы холдингтердің, "Атамекен" ҰКП, ҚР ҰҚК басшылары кіреді.

Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Əлихан Смайылов инвестициялар тартудың тиімді тетіктері мен барлық инфрақұрылымды қайта қарауға ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен жұмыс тобы инвестициялар тартудың жаңа тәсілін әзірледі. Тараптардың пікірлері ескеріліп, ортақ ұстаным қалыптасты. Жаңа архитектураның іргетасы ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі болады", — деді қаржы министрі.

Кеңес құрамына ҚР Премьер-министрінің орынбасарлары, басты министрліктердің бірінші басшылары, АХҚО, ұлттық басқарушы холдингтердің, "Атамекен" ҰКП, Қазақстандық инвесторлар кеңесі қауымдастығының басшылары, сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР бас прокуратурасының, ҚР ҰҚК басшылары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу