Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды

646

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасын қалпына келтіру мәселелері қаралды.  

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды

ҚР-дағы халықаралық қаржы институттары мен инвестициялық қоғамдастықтың перспективасы бойынша Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі У. Мозер, Ұлыбритания елшісі М. Гиффорд, Канада елшісі Н. Бруссо, Еуропалық одақ елшісі Свен Олов Карлссон, ЭЫДҰ Еуразиялық бөлімшесінің директоры У. Томпсон, ЕҚДБ өкілдігінің директоры А. Прейманис, Қазақстандағы "Шелл" концернінің төрағасы О. Лазар, сондай-ақ EY және Deloitte компанияларының өкілдері баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР инвестициялық саясаты мен дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов түсінік берді.

"Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар пандемия салдарынан экономикалық құлдырауды бәсеңдетуге мүмкіндік берді – экономиканың нақты секторында, атап айтқанда, құрылыста (10,5%), ауыл шаруашылығында (5%) және өңдеу өнеркәсібінде (3,3%) оң динамика сақталды", – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры, сондай-ақ Moody's, Fitch, and Standard&Poor's рейтинг агенттіктері сияқты жетекші халықаралық қаржы институттары ҚР экономикасының дамуының оң болжамын растағанын атап өтті. 

Премьер-министр экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету және пандемиядан кейінгі жаңа шынайы жағдайларда оның сапалы және тұрақты дамуы үшін негіз қалыптастыру мақсатында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары әзірленгенін атап өтті. Бұл ретте Үкімет шетелдік капиталды тартудың жаңа тұжырымдамасын іске асыратын болады. 

"Бұл жұмыстың қағидаттарының бірі – жобаларды дайындау мен іске асырудың әрбір сатысында инвесторларға таргеттелген көзқарас болмақ", – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әрбір стратегиялық инвестор үшін сараланған қолдау "пакеттерін" қамтамасыз ететін арнайы инвестициялық келісімдерге қол қойылатынын атап өтті.

"Инвестиция тарту – біздің жаңа экономикалық моделіміздің негізгі аспектісі. Біз Қазақстанның халықаралық ұстанымын сенімді әрі болжамды инвестициялық бағыт ретінде одан әрі нығайту жөніндегі ұсынымдардың тиімді орындалуын қамтамасыз етеміз", – деп түйіндеді А. Мамин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу