Инвестициялық белсенділік танытқан шетелдік инвесторлар марапатталды

1716

Инвестициялық белсенділік танытқан шетелдік инвесторлар марапатталды

Бүгін Астанада еліміздегі шетелдік инвесторларды инвестициялық белсенділік танытқандары үшін марапаттаудың төртінші салтанатты рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Шетелдік инвесторларды марапаттау салтанатты рәсімін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ашты. Іс-шараға шетелдік инвесторлар, шетелдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталмыш шараны ҚР ИДМ инвестициялар комитеті "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Елімізде белсенділік танытқаны үшін еліміздегі бес ірі компания: "Маревен Фуд Тянь-шань" - Кипр компаниясы, "Tokyo Rope Almaty" - Жапон компаниясы, "Giessenhaus" - Ресей компаниясы, "Cosco Shipping" - Қытай компаниясы, "Химфарм" Polpharma - Польша компаниясы марапатталды.
Үздік шетелдік инвесторларды марапаттау жыл сайын өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу