Инвестициялық қор атақты Булаев элеваторын сатты

1748

Бұдан бөлек СҚО-да тағы екі элеватор ашық саудаға шығарылды. 

Инвестициялық қор атақты Булаев элеваторын сатты

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті инвесторларға үш элеватор сатты. 2018 жылдың қараша айында ресейлік құрылтайшының қарызына байланысты 4 элеваторды қорға өткізіп берген болатын. Кейін сот шешімімен аталған активтер Инвестициялық қор меншігіне өтті. Ал бұл уақытта Булаев, Қиялы-Астық, Смирнов, Петропавл – Астық элеваторлары жұмыс істеп тұрған.

ҚР "Астық туралы" заңына сәйкес элеваторларды gosreestr.kz электронды сатып алу порталы арқылы ашық саудаға шығарды. Алайда сатып алушылардың болмауына байланысты аталған активтерді қазақстандық инвесторларға бөліп төлеуге беру туралы шешім қабылданды. Бірінші болып биылғы жылдың 31 қаңтарында ең үлкен Булаев элеваторы "Agrimer" ЖШС-не сатылды. 

"Элеватор 160 мың тонна астыққа есептелген. Инвестициялық қор бізге оны жұмыс істеп тұрған күйінде сатты. Оның арқасында біз үзіліссіз жұмыс істей аламыз. Қазір қазанның соңында элеваторға толық астық тиелмей тұр. Біз ауыл шаруашылығы өндірушілерінен астық қабылдауға дайынбыз",– деді "Agrimer" ЖШС директоры Александр Есімшәріпов. 

Бұдан бөлек, Қиялы-Астық элеваторы "Қиялы элеватор" ЖШС-не 19 шілде күні бөліп төлеуге берілді. Ал Смирнов элеваторы "Orbis Agro" ЖШС-не сатылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу