Инвестициялық штаб 45 млрд доллар сомасындағы 90-нан астам жобаны қарастырды

209

Бұл туралы елордадағы "Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес" форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

Инвестициялық штаб 45 млрд доллар сомасындағы 90-нан астам жобаны қарастырды Фото: Үкімет

Үкімет ірі бизнестің айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамытуда елеулі әлеуетті көріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штаб бизнестің құқығын қорғау бойынша өкілеттігін кеңейтті. Бұл ретте мәселелерді жылдам шешуге және инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік жасалды. Штаб қазірдің өзінде шамамен 45 млрд АҚШ долларын құрайтын 90-нан астам жобаны қарап шықты", – деді О. Бектенов.

Үкімет басшысы бизнеске артық қысымның алдын алудың тағы бір құралы ретінде прокурорлық фильтр тетігін атады.

"Енді кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың күмәнді және қажетсіз шектеулерінен қорғалған. Әрине, биыл "жасыл дәліз" тетігін енгізу жұмыстың оң нәтижесі болды, яғни бес күндік мерзімде инвестициялық жобалар бойынша қажет мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік берді", – деді Премьер-министр.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет ірі бизнестің айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамытуда елеулі әлеуетті көріп отыр.

"Ірі кәсіпорындар жергілікті компаниялармен белсенді түрде ұзақ мерзімді келісімшарттар бекітуі керек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қолдау алудың міндетті шартына айналады. Мен бұл тапсырманы барлық даму институттарына бердім. Ірі кәсіпорындарға өнім жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, шағын бизнес табысты тәжірибені үйреніп, өзіндегі сапа стандартын көтеруі қажет", – деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу