Инвестициялық штаб жұмысын күшейту тапсырылды

310

Инвестициялар ЖІӨ-нің өсімінің негізгі драйвері ретінде маңызды рөл атқарады.

Инвестициялық штаб жұмысын күшейту тапсырылды Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инвестициялық штаб жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар небәрі 0,6%-ға өскен. Мұндай төмен көрсеткіштер уәкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сапасыз жұмысын көрсетеді. Инвестициялық штаб жұмысын күшейту қажет, оған жеткілікті өкілеттіктер берілген. Министрлер мен әкімдердің басты міндеті – инвестициялық жобаларды іске асыруға тиімді әрі пәрменді қолдау көрсету", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Үкімет алдында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 2 есеге арттыру міндеті тұрғанын еске салды. 

"Осы кезеңде кем дегенде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартуымыз қажет. Инвестиция экономиканың өсуін ынталандырады, жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды дамытуға, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялар Жалпы ішкі өнімнің өсуінің негізгі драйвері ретінде маңызды рөл атқарады", - деп жалғастырды ол.

Сөзінше, дұрыс инвестициялық саясат қалыптастыру – негізгі фактор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу