Инвестициялық стратегия бағдарламасы құрылады

1970

Инвестициялық стратегия бағдарламасы құрылады

Қазақстанға 12 жылда сырттан 243 млрд доллар қаржы тартылған. Астанада өткен Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 30- отырысында осындай дерек айтылды. Инвестицияның 20,6 млрд доллары 2016 жылы құйылған. Бұл 2015 жылмен  салыстырғанда 40%-ға жоғары. Осы жиын кезінде Қазақстанда Инвестициялық стратегиялық бағдарламаның құрылатыны жайлы да айтылды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жоба тұжырымдамасы 2017 жылдың соңында бекітілуге тиіс. Онда негізгі инвесторлар ретінде Қытай, Түркия, Ресей, АҚШ және Еуропа аймағындағы бірқатар елдер көрсетілген. Сондай-ақ, біріккен жобаның жалпы сомасы 50 млрд доллар болады. Ведомоство басшысы осы инвестициялық жобалардың артуының арқасында Қазақстан Дүниежүзілік даму банкінің рейтингі бойынша 35-ші орынға тұрақтағанында айтылды.

Герман Греф, "Ресей Жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы

"Болашақ стратегия туралы сөз қозғайтын болсақ, Қазақстан біз үшін ең негізгі үш нарықтың бірі, Ресей мен Қытайдың ортасында. Яғни өте маңызды. Алдағы уақытта Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласына қаржы салмақпыз. Сондай-ақ, тұтыну несиесі,автонесиелеу жайына да зор мән береміз".

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу