Бірінші шілдедегі жағдай бойынша, зейнетақы салымының жиынтығы 12,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инвестициялық табыс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
210 млрд теңгеге немесе 39%-ға артық болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,1%-ды құрады. Соңғы 12 айда инфляция – 7,9%, кірістілік – 12,1% көрсетті.
"Салымшылардың жинағы зейнетақы активін инвестициялау нәтижесіне сәйкес апта сайын есептеліп, қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар бойынша сыйақы, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюталық қайта бағалау сонымен қатар сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер кіреді", – деп жазды қордың баспасөз қызметі.
Қанат Махамбет